Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық студенттер коронавирус тараған Ухань қаласынан эвакуацияланбайды

Опубликовано:

Қазақстан СІМ өлімге жаңа вирус тараған Ухань қаласынан қазақстандық студенттер эвакуацияланбайтынын мәлімдеді. Карантинге жабылған Қытай қаласында жүзге жуық отандық студент қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мемлекетіміздің елшілігі қазақстандықтар үшін жедел желіні іске қосқан.

Уханьдағы консулдық есепте 230 қазақстандық студент тұрады. Олардың жартысынан көбі қаланы карантинге жаппас бұрын елге қайтып үлгерген. Студенттерде осы уақытта демалыс басталғандықтан, олар Қазақстан мен басқа елдерге кетіп қалды.

Бүгінде Қытай қаласында 98 отандық студент қалып отыр. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі оларды эвакуациялау мәселесі қарастырылып отырмағанын мәлімдеді.

Қазірде барлық студентпен байланыс орнатылған. Оларға вирустың таралуына байланысты сақтық шаралары мен тәртіп ережелері ескертілген.

СІМ мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда төтенше жағдай енгізу ерте деп санайды. Қазір тек Ухань қаласы орналасқан Хубей провинциясы ғана жабық. Қаладағы барлық студенттің демалыс уақыты ұзартылған.

Айта кетейік, бүгінгі брифниг барысында ведомство Қытайға баруды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына үндеу жолдап, оларға тиісті сақтық шараларын және жергілікті биліктің талаптарын қатаң сақтауға шақырған болатын.

Сонымен қатар еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин көрші елде таралып жатқан коронавирус жайлы пікір білдіріп, қалай қорғануға болатынын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837742-kazakstandyk-studentter-koronavirus-taragan-uhan-kalasynan-evakuacialanbajdy/

pixel