RU

Испанияда қазақстандық кәсіпкердің неден қайтыс болғаны анықталды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Испаниядағы қазақстандық кәсіпкердің өліміне қатысты пікір білдірді. Марат Сабалақов сырқаттанып қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марат Сабалақов. Фото: Құрметті консулдықтың баспасөз қызметі/ dvesti.kz, diarioinformacion.com
Марат Сабалақов. Фото: Құрметті консулдықтың баспасөз қызметі/ dvesti.kz, diarioinformacion.com: Depositphotos

Министрлік отандасымыздың өлімі фактісі бойынша шетелдік полицейлер тергеу амалдарын жүргізгенін мәлімдеді.

Нәтижесінде тергеу жұмыстары азамат азаптау салдарынан емес, дерттен көз жұмды деген тұжырымға келді. Ал қазақстандықтың өліміне қандай сырқат себеп болғаны хабарланған жоқ.

Қайтыс болған кәсіпкердің денесі жақын арада елге жеткізілмек.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Испанияда қазақстандық кәсіпкер әрі Словакияның экс-құрметті консулы Марат Сабалақовтың қайтыс болғаны жайлы ақпарат испаниялық БАҚ беттерінде тарады.

Шетелдік журналистердің хабарлауынша, бизнесменнің денесі испаниялық вилла аумағындағы бақтан табылған. Сабалақовтың өліміне не себеп болғанын анықтау үшін оның денесі Аликанте қаласында орналасқан Заң медицинасы институтына жолданған болатын. Онда мамандар денені ашып, бірнеше сараптама жүргізген еді.

Сабалақов 2015 жылы Словакияның құрметті консулы атанды. Өз қызметінде кәсіпкер Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынасты жақсартуы қажет болған.

Оның құзыретіне экономика, сауда, мәдениет, ғылым және білім саласындағы өзара қарым-қатынастар кірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1837751-ispaniada-kazakstandyk-ksipkerdi-neden-kajtys-bolgany-anyktaldy.html