RU
Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өткен жылды қорытындылады

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өткен жылды қорытындылады

Рассказать Вконтакте

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өткен жылды қорытындылап, алдағы кезеңге арналған мақсаттарды белгіледі.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Отырысқа қоғам, дін, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес қауымдастық, арнайы мониторингтік топ және "Nur Otan"партиясының өкілдері, жалпы 200-ге жуық адам қатысты.

Атқарылған жұмыстар туралы негізі баяндаманы Департамент басшысы А.Жұмағали жасап, Департаменттің негізгі жұмыс бағыттары бойынша қызметін жан-жақты баяндап берді.

А. Жұмағали атап өткендей, өткен жылы алдын алу жұмыстарына баса назар аударылып, 2 мыңға жуық іс-шара өткізілген.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Жастармен және халықпен қатар барлық қалалық мемлекеттік мекемелер мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының еңбек ұжымдары қамтылған.

Бизнесті қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бүгінгі күні 55 млрд теңгеден астам сомаға 26 инвестициялық жоба (5 шетел қатысуымен) сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен қамтылған.

Автомобиль жолдары құрылысының сапасына мониторинг жүргізілуде. "Сапалы жол" жобасы аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бөлімшелерімен бірге 72 тәртіп бұзушылық анықталып, олардың 68-і мердігерлік ұйымдармен жойылған.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу шараларының бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаулардың қорытындысы бойынша 84 ұсыныс енгізілді, оның 65-і орындалды.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Алдын алу шараларымен қатар Заңның үстемдігі және сыбайлас жемқорлық үшін жазалаудың бұлтартпастығы маңызды басымдық болып қала береді.

Статистикаға сәйкес, өткен жылы Департаментпен 60 қылмыс тіркеліп, 58 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, Департаментпен 60 қылмыс тіркеліп, 58 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың басым бөлігі ішкі істер органдарының (17), әкімдіктің және оған қарасты ұйымдарға (16) тиесілі.

39 адам әр түрлі жаза түрлеріне сотталды (7 бас бостандығынан айыру, 2 бас бостандығын шектеу, 26 айыппұл).

Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың 10-ы мемлекеттік органдарда әр түрлі басшылық лауазымдарды атқарған, олардың 1-і республикалық, 6 облыстық (қалалық) және 3 аудандық деңгейдегі басшылар.

Олардың ішінде, "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры, жер қатынастары, білім, мәдениет басқармалары, кәсіпкерлік бөлімдері басшылары мен қала әкіміне тікелей бағынатын Ішкі аудит басшысы бар.

Анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ішінде парақорлық фактілері (26, оның ішінде пара алу -18, беру -5, делдалдық -3) және алаяқтық (13) басым болып келеді.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Бизнесті қорғау аясында 38 шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің құқықтарын қалпына келтіруге қол жеткізілді, 9 лауазымды тұлға кәсіпкерлерге заңсыз қысым көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Біз өз қызметімізде ашықпыз.Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат біздің Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа хабарласа алады – деп атап өтті А.Жұмағали.

Өз кезегінде, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында өз қызметін күшейтуді көздеп отыр.

Азаматтардың, кәсіпкерліктің конституциялық құқықтарын қорғау, бюджет қаражатын жымқыру және мақсатсыз пайдалануды анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті сыбайлас жемқорлықтан тазарту басымдықтар болып қала береді.

Біздің басты мақсатымыз-сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру деп атап өтті А.Жұмағали.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Нарымбетов сөз сөйледі.

"Шымкент-адалдық алаңы" жобасы аясында және Арнайы мониторингтік топпен атқарылған жұмыстар бойынша Жобалық кеңсе басшысы Е.Төлебаев пен Ә.Әссанди сөз сөйледі.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel