Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 15 жастағы қыз желіде танысқан жігіт үшін үйінен қашып кеткен

Опубликовано:

Целиноград аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 10 қаңтардан бері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: unsplash.com
Көрнекі фото: unsplash.com: Twitter

10 қаңтарда 40 жастағы жергілікті тұрғын кәмелеттік жасқа толмаған қызының жоғалғанын айтып, полиция бөліміне келген. Ол 7 қаңтар күні сағат кешкі 16:00 шамасында 15 жастағы қызы үйден шығып, қайта оралмағанын хабарлаған. Келіншектің сөзінше, қызы екеуінің арасында кикілжің болмапты, бірақ жасөспірім осыған дейін де үйден кетіп жүрген екен.

Целиноград ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы қыздың қазіргі мекен жайын анықтау үшін тиянақты жұмыс жүргізді.

Олар жоғалған жеткіншектің таныстарымен сөйлесіп, ақырында Шу қаласынан тапты. Жасөспірім үйіне оралды.

Нәтижесінде қыздың желіде Жамбыл облысында тұратын 20 жастағы жігітпен танысқаны анықталды. Ол азаматпен кездесу үшін Шуға баруды ұйғарыпты. Алайда, оған 15 жаста екенін айтпаған екен.

Еске сала кетейік, 21 қаңтарда Алматы облысында іздеу салынған екі мектеп оқушысының Алматыдан табылғанын хабарлаған едік.

Таңертең мектеп кетіп, қайта оралмаған жасөсіпірдерге ата-аналары іздеу салған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837757-akmola-oblysynda-15-zastagy-kyz-zelide-tanyskan-zigit-sin-jinen-kasyp-ketken/

pixel