RU
"Аққан май, жабыстырылған скотч": Сарапшылар Bek Air ұшақтарының суретін жариялады (фото)

"Аққан май, жабыстырылған скотч": Сарапшылар Bek Air ұшақтарының суретін жариялады (фото)

Рассказать Вконтакте

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ департаментінің басшысы Линда Орледи апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының тексеру нәтижесін жариялады. Оның сөзінше, әуе компаниясы ұшақтарының денінде қозғалтқыш майы ағады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Оның айтуынша, әуе компаниясы борттарын тексеруге батыс инспекторлары жұмылдырылған. Олардан алынған ақпаратқа сәйкес, Bek Air ұшақтарының денінде техникалық проблема бар.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Техникалық инженерлер борттағы кез келген олқылықты тексеріп, тіркеуі керек. Ұшқыштар да бірден техникалық инженерге хабар беруі тиіс.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

"Bek Air-де мұндай тексеріс қорытындысын тіркеу үрдісі қалыптаспаған. Бұл олқылықтардың жиі болғаны соншалық, инспекторлар әр ұшақ бортында анықтады деуге болады. Әуе компаниясында оларды тіркейтін құжат мүлдем болмаған ", - деді департамент басшысы баспасөз мәслихатында.
Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Бұдан бөлек, бірнеше қабатты шынымен қоршалған ұшқыштар кабинасындағы шыныда қатпарлар пайда болған. Бұған қатысты да ешбір құжат жоқ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Жүк қойылатын орын мен ұшақ дөңгелектерінің шинасын ауыстыру керек болған. Соңғысының қолдану мерзімі жайлы ақпарат беретін құжат та табылмаған.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Айта кетейік, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тексерісті 26  қаңтар күні аяқтайды. Көлік прокуратурасының тексерісі 10 ақпанға дейін жалғасады.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Қайғылы жағдайдан 12 адам қаза болып, 49 адам ауруханаға жеткізілді.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel