RU

Bek Air-ға жарамдылық сертификатын берген инспекторлар тергеуге алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Bek Air-де Алматыда апатқа ұшыраған ұшақ ісі бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Әуе компаниясына жарамдылық сертификатын берген инспекторлар жұмыcтан шеттетілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қос инспектордың қызметтеен босатылғаны туралы Қазақстан авиациялық әкімшілігінің басшысы Питер Гриффитс мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Олар Азаматтық авиация комитетінде жұмыс істей алмайды.

Қазіргі уақытта ведомствоның бұрынғы қызметкерлері тергеуге алынып жатыр.

"Bek Air-мен жұмыс істеген екі инспектордың жұмысы уақытша тоқтатылды. Олармен сөйлесіп, сұраққа жауап табуға тырысып жатырмыз. Бірақ, қиындықтар бар. Бұл инспекторлар неге өз қызметтерін дұрыс атқармады деген мәселе", -деді Гриффитс.

Сонымен қатар, маман әзірге егжей-тегжейлі ақпарат айта алмайтынын мәлімдеді. Себебі, ол тергеу барысында мәліметті таратуға тыйым салатын келісімшартқа қол қойған.

Айта кетейік, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ департаментінің басшысы Линда Орледи апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының тексеру нәтижесін жариялады. Оның сөзінше, әуе компаниясы ұшақтарының денінде қозғалтқыш майы ағады.

"Bek Air-де мұндай тексеріс қорытындысын тіркеу үрдісі қалыптаспаған. Бұл олқылықтардың жиі болғаны соншалық, инспекторлар әр ұшақ бортында анықтады деуге болады. Әуе компаниясында оларды тіркейтін құжат мүлдем болмаған ", - деді департамент басшысы баспасөз мәслихатында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Bek Air-ға жарамдылық сертификатын берген инспекторлар тергеуге алынды
Mailfire view pixel