RU
Сарапшылар Bek Air-дің қандай жағдайда қызметіне оралатынын айтты

Сарапшылар Bek Air-дің қандай жағдайда қызметіне оралатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда Алматыдағы ұшақ апатына байланысты тергеу жалғасуда. Жақында бірқатар сарапшылар Bek Air әуе компаниясының борттарында қандай бұзушылықтар анықталғанын көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сарапшылар Bek Air-дің қандай жағдайда қызметіне оралатынын айтты

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Мамандар түсірген фотосуреттерден көптеген ұшақтарда зақым барын көруге болады. Олардың кейбіреулері тіпті, скотчпен жапсырылып қойыпты.

Әуе компанияға ұшу туралы куәлік берген екі инспектордың қызметінен босатылып, тергеу басталғаны белгілі болды.

Тengrinews.kz хабарлағандай, барлық бұзушылықтарға қарамастан, Bek Air жұмысқа оралып, ұшуды жалғастыруға мүмкіндігі бар.

AAК басшысы Питер Гриффитстің айтуынша, әуе компанияға ведомство инспекторларының сенімініне кіруіне тура келеді.

Сондай-ақ, маман қазақстандықтарға бұдан былай ұшақ апатынан азаматтарымыздың өліміне жол бермейтініне уәде берді.

Гриффитс ведомство барлық инспекторлары қазақстандық әуе компаниялардың ұшақтарын мұқият тексереді деп сендірді. Өз жұмысында адал болмайтын бағыныштылармен ол жеке сөйлеседі.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы жағдайдан 12 адам қаза болып, 49 адам ауруханаға жеткізілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel