RU

Түркияда жер сілкінді (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

24 қаңтарда Түркияның шығысында 6,8 баллдық жер сілкінісі болды. 18 адам қайтыс болды, тағы 30-дан астамы іздеуде, кем дегенде 225 адам жарақат алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Түркияда жер сілкінді

Фото: Zakon.kz басылымынан алынды

Daily Mail-дің хабарлауынша, эпицентр орталығы Элазиг провинциясындағы Сивридж қаласының маңында болған. Алғашқы соққының күші 6,8 баллға тең болды, содан кейін 5,4 баллдан 3,5-ке дейін жер сілкінісі болып өтті. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жер асты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте болған.

Елдің қорғаныс министрі Хулуси Акар құтқару топтары апат аймағына жіберілгенін айтты. Барлығы 100-ден астам тұрғын үй қирады.

Түркиядан басқа жер сілкінісі Сирияның солтүстігінде, Ливан мен Иракта сезілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бес аймағында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған едік.

Қазақстандық ауа-райы қызметінің мамандары елдің бес аймағының тұрғындарын алдағы үш күнде 2020 жылдың 23-25 қаңтар аралығында күтілетін қатал ауа-райы туралы ескертті.

Солтүстік Еуропа мен Ресей елдерінен келген атмосфералық фронттар Қазақстан арқылы қозғалысты жалғастырады. Нәтижесінде күшті жел тұрып, мол жауын-шашын болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркияда жер сілкінді (фото, видео)
Mailfire view pixel