Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарапайым маскалар қорғамайды": Қазақстандық студент Қытайдағы жағдайды баяндады

Опубликовано:

Қауіпті коронавирус Қытайдың барлық провинцияларына тарады. Елдегі науқастардың саны 1300-ге жетті. Аспан асты елінде жүздеген қазақстандық студент қалып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қарапайым маскалар қорғамайды": Қазақстандық студент Қытайдағы жағдайды баяндады
Фото: bingepost.com: UGC

Қазіргі уақытта университетте оқып жатқан және Ухан қаласында тұратын бір жерлесіміз Sputnik Қазақстанға қаладағы жағдай туралы айтып берді.

Анель Сисенғалиеваның айтуынша, қазір университеттегілер демалыста жүр. Демалыс күндері ақпанның ортасына немесе аяғына дейін созылады. Әзірге оқудың қашан басталатыны белгісіз.

Бойжеткеннің айтуынша, барлық қала тұрғындары мен қонақтарына сыртқа шығуға кеңес берілмейді, егер қажет болса, медициналық маска кию керек. Қазақстандықтар оқып жатқан университетте оларды жинап, автобуспен дүкенге апарып, азық-түлік алуға мүмкіндік береді екен.

Анел қалалық дүкендерде көкөністер - сәбіз, пияз және сарымсақ жетіспейтінін, ал қалғандары мол екенін айтады. Сөрелерден сіз қажеттінің барлығын таба аласыз.

Сонымен қатар, студенттің айтуынша, Ухан қаласының тұрғындары № 95 фильтрі бар арнайы медициналық маска киеді, өйткені қарапайым маскалар жаңа коронавирустан қорғамайды.

Қазір бұл маскаларды дәріханаларда табу қиын, өйткені адамдар оларды көп мөлшерде сатып алады, ал сатушылар бағаны негізсіз көтереді.

Анелдің айтуынша, ол консулмен үнемі байланыста. Ол барлық қазақстандық студенттер, яғни 95 адам, қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз етіледі деп уәде берді.

Жалпы, қыз атап өткендей, коронавирустың таралуы туралы жаңалық қорқыныш тудырады. Алайда ол үрейленбеуге тырысады. Ол жөнсіз сыртқа шықпауға тырысады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде 2019-nCoV коронавирусты жұқтырған жалпы саны мыңнан асады. Қаза тапқандар саны 41-ге жетті.

Айта кетейік, Қытайдың патогендік микроорганизмдерді сақтау ұлттық ұйымы коронавирустың жаңа түріне қатысты ақпарат пен оның электронды микроскоп көмегімен жасалған алғашқы суретін жариялады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1837797-karapajym-maskalar-korgamajdy-kazakstandyk-student-kytajdagy-zagdajdy-baandady/

pixel