RU
Теміртау әкімдігі маңында бойжеткенге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

Теміртау әкімдігі маңында бойжеткенге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Теміртау қаласының орталығындағы әкімдіктің жанында жолаушыға шабуыл жасалды. Бейтаныс адам күтпеген жерден оның бетінен ұрып, әмиянын алып кетуге тырысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Теміртау әкімдігі маңында бойжеткенге жасалған шабуыл видеоға түстіп қалды

Фото: instagram.com/ekaraganda.kz

Шабуыл қаланың дәл орталығында, облыстық әкімшілік жанында, субұрқақтың жанындағы алаңда болды. Алаңда тірі жан жоқ екенін пайдаланған ер адам өтіп бара жатқан қызды ұстап алып, оны жұдырығымен ұрды. Бойжеткен құлап қалды. Қарақшы жәбірленушіні ұруды жалғастырып, оның сөмкесіне жармасты.

Бірақ жәбірленуші соққыларға қарамастан, сөмкесін қолынан жібермеді. Ол шабуылдаушыны қарға лақтырды, алайда ол дереу қайта тұрып, мүлкін тартып алуға тырысты. Ақырында ару сөмкесін құшақтап, басқа жаққа қарай бұрылды.

Құқық бұзушы оқиға орнынан тез кетіп қалды, қорқып кеткен қыз да дереу қашып кетті. Өкінішке қарай, жақын жерде патрульдік полиция болған жоқ. Қарақшылық шабуыл Теміртау көшелерінде орнатылған камераға түсірілді.

Қарағанды облысының полиция бөліміндегілердің айтуынша, жәбірленуші кінәліні тауып, жауапқа тарту туралы өтініш жазған.

"Өтініш тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктіні анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде", - деп түсіндірді құқық қорғау органы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel