Выйти
RU

Назарбаев Түркия президенті Режеп Ердоғанға көңіл айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның тұңғыш Президенті Түркияның Элазиг және Малатия провинцияларында болған қатты жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар туралы хабарды қайғырa қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев Республика президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Елбасының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Назарбаев Түркия президенті Режеп Ердоғанға көңіл айтты

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Осы қиын-қыстау кезеңде, жоғалтудың қасіретімен бөлісе отырып, мен қаза болғандардың отбасы мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тез сауығып, отбасыларына қайтып оралуларына тілектеспін", - делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Түркияның шығысында болған күшті жер сілкінісінен кем дегенде 18 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтардыбіздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев Түркия президенті Режеп Ердоғанға көңіл айтты