RU
Қазақстанның үш аймағында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның үш аймағында дауылды ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның үш аймағында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның үш аймағында апатты дауыл тұрады деп күтілуде

Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облысында тұман, көктайғақ, қарлы боран болады. Желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 23 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Түркістан облысында қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан 15-20 м / с жел тұрады. Шымкентте және Түркістанда тұман болады деп күтілуде.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түсіп, қар жауады, оңтүстік-батыс пен батыстан соққан жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтауда 26 қаңтар күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше синоптиктер Қазақстанның бес аймағында дауылды ескерту жариялаған болатын.

Сонымен қатар, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындарды әбігерге салған боранның тағы екі күнге жалғасатыны туралы хабарланды.

Құтқарушылар Нұр-Сұлтанда қатты жел соғуына байланысты елордалықтардың жұмыс күнін қысқартуға шақырады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтардыбіздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel