RU
Алаяқтық жасады деп күдіктелген қазақстандыққа халықаралық іздеу жарияланды (фото)

Алаяқтық жасады деп күдіктелген қазақстандыққа халықаралық іздеу жарияланды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының құқық қорғау органдары ірі алаяқтық жасады деп күдіктелген адамды іздестіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алаяқтық жасады деп күдіктелген қазақстандыққа халықаралық іздеу жарияланды (фото)

Фото: instagram.com/police_almobl, Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Халықаралық іздеу жарияланған ер адамның суреті өңір полициясы департаментінің ресми Instagram-аккаунтында пайда болды.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, іздеу салынған адамның аты-жөні Войтих Константин, ол 39-40 жаста.

Сондай-ақ, күдіктінің Талғар ауданынан екені хабарланды.

Тергеу болжамы бойынша, әскер өзінің танысын алдап, ірі соманы иеменген. Оған "алаяқтық" бабы бойынша айып тағылуда.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалды.

Осыған байланысты өңір полициясы қазақстандықтарға жүгінді: гер сіз фотодағы адамның қайда екендігі туралы бірдеңе білсеңіз, 8 (7282) 60 82 33, 8 705 110 55 57 немесе 102 нөмірлеріне хабарласыңыз.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері бұрын болмаған алаяқтықтың жаңа схемасы туралы айтқан болатын.

Ер адам әлеуметтік желіге ауруханада жатқан қызға азық-түлікті апару туралы өтініш жазған, ақшаны картаға жіберуге уәде берген. Петропавл тұрғындарының бірі өтінішке жауап беріп, артынша қатты өкінген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel