RU
Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар ма

Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар ма

Рассказать Вконтакте

Түрік тарапының алдын ала мәліметтері бойынша, 24 қаңтарда болған жер сілкінісі құрбандары мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің арасыныда қазақстандықтар бар ма

Фото: twitter.com/doganayaltinsoy

Тиісті хабарлама Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми telegram-каналында пайда болды.

24 қаңтарда Түркияда үлкен жер сілкінісі болды. Бастапқыда бұқаралық ақпарат құралдарында 18 адам қаза тауып, 500-ден астам адам жараланғаны хабарланған еді.

Алайда, соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 20 адамға жетті, 1000-нан астам зардап шеккені белгілі болды.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, жер асты дүмпулерінің эпицентрі Элазиг провинциясындағы Сивридж қаласында тіркелген, бірақ зардап шеккендер мен қирандылар көршілес провинцияда да тіркелген.

Жер сілкінісінің күші - 6,8 балл.

Түркиядағы төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнында әлі де іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Қайғылы жағдайға байланысты Қазақстанның тұңғыш президенті Түркия президентіне көңіл айту хатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түрік басшысына жеделхат жолдап, қазақ халқының және оның атынан жеке өзі көңіл айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel