Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада темір жолдың ар жағына өтпек болған ер азаматты пойыз қағып кетті

Опубликовано:

Қызылордада жолаушылар пойызы 26 жастағы ер азаматты басып кетті. Соның салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қайғылы жағдай 23 қаңтар күні орын алды.

Басылым мәліметінше, теміржолды кесіп өтпек болған жергілікті тұрғынды "Қызылорда-Петропавл" жолаушылар пойызы басып кеткен.

Марқұмның қаланың КБИ шағын ауданында тұрғаны анықталды.

Осыған байланысты Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ербол Әбдіраманов пікір білдірді.

"Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындарға теміржолдың белгіленген аймағынан өту жөнінде құлағдар етіп келеді. Дегенмен оқыс оқиға тіркелді. Жолаушылар пойызы қаққан азамат оқиға орнында көз жұмды. Қала тұрғындарынан теміржолдан тек белгіленген жерлерден өтуін сұраймыз", - деді ол.

Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Еске сала кетсек, бұған дейін осыған ұқсас оқиға Жамбыл облысында орын алған. "Алматы-Ақтөбе" жолаушылар пойызы екі адамды басып кетті. Салдарынан темір жол қызметкері оқиға орнында көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837844-kyzylordada-temir-zoldy-ar-zagyna-tpek-bolgan-er-azamatty-pojyz-kagyp-ketti/

pixel