RU

Қазақстандық фристайлшы Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Францияда өтіп жатқан фристайл-могулдан Еуропа кубогында қазақстандық спортшы Анастасия Городко алтын медаль иеленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Анастасия Городко. Фото: Olуmpic.kz

Анастасия Городко. Фото: Olуmpic.kz

Францияның Фон-Роме қаласында өтіп жатқан әлемдік бәсекеде қазақстандық Анастасия Городко "алтын" алды. Екінші орынды Швециядан келген Май Бьеркман алса, ал үздік үштікті француз спортшысы Камил Каброл қорытындылады.

Еске сала кетсек,, Бекзат Нұрдәулетов бокстан әлем чемпионы атанған болатын.

Мемлекет басшысы Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында бірінші орынға ие болған спортшыны құттықтады.

Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Бекзат Нұрдәулетовті Екатеринбургте өткен бокстан Әлем Чемпионатында көрсеткен керемет өнерімен құттықтаймын. Ол бокстың жарқын үлгісін көрсетті. Спортта Бекзат зор табысқа жетеді деп сенемін. Токио Олимпиадасында Бекзатқа жеңіс тілеймін! Тек қана алға!" - деді Тоқаев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық фристайлшы Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды
Mailfire view pixel