RU

Жеңіліп көрмеген Жүкембаев мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегінде айқын басымдылықпен қарсыласын жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Фото: Спортшының жеке парақшасы

Фото: Спортшының жеке парақшасы

Бокс кеші Канаданың Монреаль қаласында "Montreal Casino аренасында" өтті.

"Рики" лақап атпен танылған мексикалық Рикардо Лараға қарсы шыққан Батыр Жүкембаев бірінші раудтан-ақ белсенділік танытты.

Отандық боксшы екінші раундта оппонентін ауыр соққының астына алып, екі рет нокдаунға түсірді.

Осыдан кейін мексикалық спортшының өкілдері айқасты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы он сегізінші кездесуінде жеңіспен аяқтады.

Қазақстандық кәсіби мансабында қарсыластарын 14 мәрте нокаутқа жебірген.

Осыған дейін қазақстандық спортшы Instagram желісіндегі парақшасында осы кездесуге қатысты пікір білдірген.

"Ассалаумағалейкум қазағым! 25 қаңтар күні Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде өзіме тиесілі IBF Inter-Continental және WBC Continental чемпиондық белбеулерін қорғаймын! Бұл 2020 жылғы мен үшін алғашқы үлкен сынақ! Алла бұйыртса жеңіс үшін бар күшті саламыз! Алға Қазақстан! Қолдауларыңыз үшін рақмет!" - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, жеңіліп көрмеген Батыр Жүкембаев өткен жылы 14 шілде күні шаңырақ көтерді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жеңіліп көрмеген Жүкембаев мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді (видео)
Mailfire view pixel