RU
Қызғаныш денсаулыққа қандай кері әсерін тигізеді

Қызғаныш денсаулыққа қандай кері әсерін тигізеді

Рассказать Вконтакте

Дәрігерлер қызғаныш пен көреалмаушылық миға, өт қабы мен бауырға "шабуыл" жасайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Muslim.kz басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылым дерегінше, қызғаныш күйзеліс, абыржу мен депрессия симптомдарын тудырғандықтан, қанға адреналин мен норадреналин өте көп мөлшерде түседі.

Ағзадағы гормондардың көп шығарылуы қанның бауырда тұруына себеп болады. Ол өт қабында өттің дұрыс "өндірілмеуін" тудырады.

Соның салдарынан токсиндердің сыртқа шығарылуы бәсеңдеп, иммунитет әлсірейді, ұйқысыздық пайда болады, қан қысымы жоғарылап, адреналин мен холестериннің деңгейі артады әрі асқорыту жүйесі бұзылады.

Олардан бөлек, қызғаныш сезімі жүйке жүйесін де зақымдайды.

Еске сала кетсек, осыған дейін кофенің адам ағзасына қаншалықты зиян екенін жазған болатынбыз.

  • Дәрігерлер буын ауруымен, атеросклерозбен, гастритпен, асқазан жарасымен ауыратын адамдарға кофе ішпеуге кеңес береді.
  • Бұл өнім көп мөлшерде қолданылса адамның жүйкесі жұқаруы ықтимал.
  • Кофе жүрекке, жүрек қан тамырларына зиянын тигізеді.
  • Ағзадағы кальцийді ыдыратады. Кальций жетіспеушілігінен тіс құртылады. Сүйек сынғыш келеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel