Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда соңғы 24 сағатта коронавирусты жұқтырғандардың саны үштен бірге артты

Опубликовано:

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны күн сайын өсуде. Елдің мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, науқастар 1975 адамға жеткен. Ал қайтыс болғандар саны 56-ға дейін өсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 24 сағат ішінде вирусты жұқтырғандардың саны үштен бірге артты.

РИА Новости мәліметінше, бір күн бұрын Қытай билігі 1287 адамның науқастанғанын, 41 адамның қаза тапқанын хабарлаған.

Одан бөлек, "өлім-вирусынын" жұқтырған 320-дан астам науқастың жағдайы ауыр екені айтылды.

Еске салсақ, өлімге әкелетін коронавирус Қытайдың барлық провинцияларына таралған. Елдегі науқастардың саны 1300-ге жетті, 40-тан астам адам жапа шекті.

Бұған дейін өлім вирусының "отаны" болған аспан асты елінің қаласында коронавирусты жұқтырған барлық науқастар орналастырылатын емхана салу жоспарланып отырғаны айтылды. Медициналық мекеменің құрылысын 6 күнде аяқтау жоспарланған.

Одан бөлек, Қытайдың патогендік микроорганизмдерді сақтау ұлттық ұйымы коронавирустың жаңа түріне қатысты ақпарат пен оның электронды микроскоп көмегімен жасалған алғашқы суретін жариялады.

Айта кету керек, Қазақстанда қауіпті инфекция оқиғалары болған жоқ.

Бүгін Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1837874-kytajda-sogy-24-sagatta-koronavirusty-zktyrgandardy-sany-sten-birge-artty/

pixel