Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жер сілкінісі: Қайтыс болғандардың саны 31 адамға жетті

Опубликовано:

Түркияда табиғат апатынан қаза болғандар саны 31 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Видеодан кадр: Тwitter.com/abdibaktur
Видеодан кадр: Тwitter.com/abdibaktur: Depositphotos

Түркияның үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі басқарма мәліметінше, арнайы мамандар үйінділер астынан зардап шеккен 44 адамды құтқарды.

Дәрігерлердің көмегіне барлығы 1566 адам жүгінген.

Жергілікті басылымдар 76 ғимараттың қирағанын, 643 нысанға айтарлықтай нұқсан келгенін жеткізді.

425 нысан жеңіл және орташа деңгейде зақымданған.

Табиғат апытынан кейін іле-шала 599 афтершок тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қаңтарда Түркияның шығысында болған күшті жер сілкінісінен кем дегенде 18 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алған болатын.

Daily Mail-дің хабарлауынша, эпицентр орталығы Элазиг провинциясындағы Сивридж қаласының маңында болған. Алғашқы соққының күші 6,8 баллға тең болды, содан кейін 5,4 баллдан 3,5-ке дейін жер сілкінісі болып өтті. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жер асты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте болған.

Елдің қорғаныс министрі Хулуси Акар құтқару топтары апат аймағына жіберілгенін айтты. Барлығы 100-ден астам тұрғын үй қирады.

Түркиядан басқа жер сілкінісі Сирияның солтүстігінде, Ливан мен Иракта сезілді.

Ең маңызды әрі қызықтыжаңалықтардыбіздіңTelegram арнамызданоқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1837876-trkiadagy-zer-silkinisi-kajtys-bolgandardy-sany-31-adamga-zetti/

pixel