Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тырнақ жасайды": Тәуекел Мүсілім жұбайы жайлы айтып, ағынан жарылды

Опубликовано:

Өткен жылы бойдақтықпен қошатасқан Тәуекел Мүсілім отбасылық өмірі қалай өтіп жатқанын және алғаш рет жары Махаббат жайлы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасын сілтеме жасап.

Фото: Instagram/mahonti_. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/mahonti_. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Белгілі болғандай, талай қыздың арманы болған серінің жұбайы бүгінде өзі жұмыс істеп, табыс тауып жүр.

"Дәл қазір дәрігер мамандығында оқып жатыр. Бесінші курста. Енді алдағы уақытта грант болып жатса, ол тағы да екі жылын оқимын деп жатыр. Одан бөлек, қосымша бос уақытында nail-стилист болып, тырнақпен айналысады. Маған салмақ түсіргісі келмейді. Мен оған керісінше, "жұмыс істеме, сабағыңды оқып жүре бер" десем, "жоқ, олай істей алмаймын" дейді.
"Ақшалай қаражат керек болса, мен беремін" десем, "жоқ, мен сұрай алмаймын" деді. Әйтеуір, өз күнін өзі көріп жатыр, ақшасын өзі тауып жатыр. Ал енді кез келген жоспарын мен қолдауға әзірмін. Себебі, адамды шектеген дұрыс емес. Керісінше, әрбір тұлға даму керек" , - дейді Тәуекел Мүсілім.

Сұхбат барысында жары жайлы ағынан жарылған Тәуекел Мүсілім жұбайының қай қасиетімен баурап алғанын да айта кетті.

"Ол өте ашық, жүрегі кең. Кез келген айналасындағы адамдарға ғана емес, әрбір құбылысқа сондай ерекше мейіріммен қарайды. Сол жағы өте қатты ұнады. Екеуміз ұқсас болғаннан кейін, көңіліміз жарасып, әзілдеріміз бір-біріне сәйкес келіп, үйлесіп кеттік. Артынша сондай ойға бекідім. Үйлену керек деп шештім. Таңдағаным осы" , - дейді актер.

Сонымен қатар өнер иесі отбасылық өмірінде қандай қызықтар болып жатқанына да тоқталды.

Актер күнделікті жұмысқа барарда жұбайы дайындаған таңғы астан міндетті түрде дәм татып кететінін жеткізді.

"Таңғы алтыда тұрып, әйелім әзірлеген таңғы асымды, шайымды ішіп жұмысқа аттанамын. Келіншегім таңғы асты дайындауға менімен бірге тұрады. Міндетті түрде ботқа жасайды. Қандай түрі болмасын, әрбір күнімізді ботқадан бастаймыз" , - дейді ол.
Фото: Instagram/mussilim/mahonti_. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/mussilim/mahonti_. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Еске сала кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілімнің шаңырақ көтергенін хабарлаған болатынбыз. Сері жігіт ақыр-соңы ұзақ уақыт бойы іздеген жанын кезіктіргенін жеткізді.

Сонымен қатар, актер үйлену тойды 2020 жылға қалдырғанын айтқан болатын.

Жақында жұбайлар ресми түрде заңды неке тұрды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1837920-tyrnak-zasajdy-tuekel-msilim-zbajy-zajly-ajtyp-agynan-zaryldy/

pixel