RU

Әйгілі баскетболшы мерт болған тікұшақтың ішінде тоғыз адам болған (видео)

Танымал америкалық баскетболшы Коби Брайант қаза тапқан тікұшақ бортында тоғыз адам болғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы апат орын алған Лос-Анджелес округінің шерифі Алекс Вильянуэва хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Әйгілі баскетболшы қаза тапқан тікұшақтың ішінде тоғыз адам болған
Коби Брайант, Фото: silverscreenandroll.com: UGC
"Тірі қалғандар жоқ. Бортта тоғыз адамның болғаны туралы ақпарат бар. Олардың бірі ұшқыш, қалған сегізі жолаушылар. Қаза тапқандардың тұлғасына қатысты түрлі ақпарат бар. Қазір денелерді тану процедурасы өтпей тұрып, адамдардың атын атау орынсыз", - деді округ шерифі Алекс Вильянуэва.

Ол тікұшақтың құлауына қатысты мән-жайды атамады. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Брайанттың тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы жексенбі күні кешке белгілі болды. Көптеген саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен спорттық ұйымдар оның қазасына қатысты көңіл айтты. Олардың ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп және Барак Обама, Халықаралық олимпиада комитеті, Халықаралық баскетбол федерациясы және өзгелері бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Калабасас қалалық билігі баскетболшы Коби Брайант пен төрт адамның тікұшақ апатынан көз жұмғанын растаған еді.

Қаза болғандардың арасында баскетболшының төрт қызының бірі 13 жастағы Джанна Мария да болған.

Жасөспірімнің қаза болғанын Лос-Анджелес мэрі Эрик Гарсетти де растап отыр.

Айта кетейік, Коби Брайанттың артында Ванесса есімді әйелі мен Наталья, Бьянка және Капри атты үш қызы қалды. Спортшы 41 жаста болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1837924-jgili-basketbolsy-mert-bolgan-tiksakty-isinde-togyz-adam-bolgan.html