RU

"Бұндай болған, бар және бола береді": Полицейдің сөзі тоналған депутаттың шамына тиді

Шамамен үш апта бұрын парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнованы Алматы орталығында тонап кетті. Оқиға орнына шақыртумен келген полиция қызметкерінің әрекетіне халық қалаулысының көңілі толмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/people/Irina-Smirnova. Коллаж KAZ.NUR.KZ
Фото: facebook.com/people/Irina-Smirnova. Коллаж KAZ.NUR.KZ: Facebook

Бұл туралы депутаттың өзі Facebook парақшасында жазды.

"Жақында мені тонап кетті. Алматының орталығында. Көлігімнің терезесін сындырып, сөмкемді алып кеткен. Оның ішінде бағалы заттар болған жоқ. Құжаттарымды бұрыннан бері үнемі өзіммен бірге алып жүретін шағын сөмкеге саламын. Дегенмен, өкінішті болды. Полиция шақырғым келген жоқ, себебі, біреуді табатынына сенген жоқпын. Алайда, жанымдағылар полиция шақыруға кеңес берді", – дейді депутат.

Ол тәртіп сақшыларының тез арада келгенін атап өтті.

"Полиция қызметкерінің айтқан алғашқы сөзі мені естен тандырды: Несіне алаңдайсыз? Бұндай болған, бар және бола береді. Ұрылар әрқашан болған. Енді не қалайсыз?", – деген тәртіп сақшысының сөзін жеткізді депутат.

Ол қызметкердің қылмысты жеңе алмаймыз деген сенімділігіне абдырап қалғанын жеткізді.

"Оған сол жерде погондарын шешуді ұсындым. Себебі олар оған керек емес. Ал бізге – қарапайым адамдарға бұндай қызметші керек емес. Оны полицей немесе аға лейтенант деп атай алмаймын. Ол жай ғана полицияға түсіп қалған қызметші.
Мен арыз жазғаныммен, оқиға болғанына үш апта өтті. Ешкім бірде-бір рет маған хабарласып, қылмыскерді іздеу шарасы қалай жүріп жатқанын айтпады. Оны күтудің қажеті не? Себебі, қылмыспен күресушілердің пайымынша, бұндай болған, бар және бола береді ғой. Мүмкін олардың кейбіреулерінің өзі қылмыскер шығар?", – деп жазды Смирнова.

Еске сала кетейік, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицияға қатысты қатаң мәлімдеме жасаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1837926-bndaj-bolgan-bar-zne-bola-beredi-policejdi-szi-tonalgan-deputatty-samyna-tidi.html