RU
Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді (фото, видео)

Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Фото: Берік Уәлидің facebook парақшасынан

Фото: Берік Уәлидің facebook парақшасынан

Берік Уәлидің мәліметінше, бүгін ел президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі.

Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады.

Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездеседі, сондай-ақ, Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барады.

Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel