RU

30 сағат бойы қар астында отырған жігіт оятқыштың арқасында аман қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны Николас Стейси-Алькантара 30 сағат бойы қардың астында көміліп жатқан. Алайда жас жігіт ұялы телефонындағы оятқыштың арқасында өз өмірін сақтап қала алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru басылымына сілтеме жасап.

Қардың астында 30 сағат бойы отырған жасөспірім оятқыштың арқасында аман қалды

Фото: twitter.com/HaileyH_News/status

Николас демалыс күндері бұрынғы ғашының үйіне қонаққа бару үшін Солт-Лейк-Сити қаласына аттанған. 17 жастағы жасөспірім қыдырғанды жақсы көрді, сол себепті кешкі асқа дейін тауларды жағалай жүріп, серуендеуді шешті.

Николас тау-тасты аралап жүріп орманның ішіне кіріп кеткенін байқамай қалыпты. Осы кезде ауа райы күрт өзгерген. Қар жауып, артынша дауыл соққан.

Қырсық шалғанда байланыс ұстамай, жігіт жолынан адасып кетті. Сондай-ақ көп ұзамай ол тоңа бастағанын сезіпті. Бұрынғы сүйіктісінің үйіне апарар дұрыс жолды таба алмай, амалы таусылған Николас бұрқасыннан қорғану үшін ескі ағаштың астындағы апанның ішіне кіріп, сол жерде таң атырыпты.

Кеш түскенде жасөспірімді бұрынғы ғашығы мен оның анасы уайымдай бастады. Себебі ол кешкі асқа дейін келуге уәде берген екен. Сондықтан бойжеткен бірден полицияға хабарласып, оны іздестіруін өтініпті.

Николас мұндай жағдайда ең бастысы ұйықтап кетпеу керек екенін түсінген. Себебі олай болған жағдайда ол ешқашан оянбауы мүмкін еді.

Жігіт өзінің ұялы телефонындағы оятқышты әрбір жарты сағатқа қосып отырыпты. Сондай-ақ, бұрынғы сүйіктісі сыйлаған білезік те оған күш берген екен.

Таң ата келе жас жігіт сыртқа шығып, туристерді кездестіріпті. Олар өз кезегінде жедел құтқарушыларды шақырды.

Жасөспірім тікұшақпен Юта Университетіне жеткізілді. Николасты қатты үсік шалған. Дәрігерлер жігітке ампутация жасалуы мүмкін деп отыр. Алайда Николас өзінің аман қалғанына қуанып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні Калифорния штатында әйгілі баскетболшы әуе апатынан қызымен бірге қаза тапқан еді.

Кейінірек анықталғандай, спортшы ұшқан тікұшақта тоғыз адамның болғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
30 сағат бойы қар астында отырған жігіт оятқыштың арқасында аман қалды
Mailfire view pixel