RU

"Асқар тауым": Серік Ибрагимов алғаш рет әкесін көрсетті (фото)

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Серік Ибрагимов алғаш рет қалың көпшілікке әкесін көрсетті. Әнші асқар тауы әкесінің туған күніне орай онымен түскен суретін жариялап, ақ тілегін білдірген. Желідегілердің көбісі әкесі мен баласының өзара ұқсастығын байқаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ibragimovserik. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ibragimovserik. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Серік Ибрагимов Instagram желісі арқылы әкесін туған күнімен құттықтады.

"Асқар тауым, туған күніңізбен! Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін! Барлығы үшін сізге мың алғыс" , - деп жазды Ибрагимов.

Желі қолданушылары бірден әкесі мен баласының бір-бірінен айнымайтынын жарыса жазған.

"Әкеңіз бақытты болсын, жасы ұзақ болсын. Сіздер қатты ұқсайды екенсіздер" , "Әкеңіз аман болсын, айнымайды екенсіз" , "Қатты ұқсайсыздар ғой" , "Әкеңіздің көшірмесісіз" , "Әкеңізге ұқсайды екенсіз, жеке мерекесі құтты болсын" , - деп жазуда жұртшылық.

Еске сала кетейікі, бұған дейін "Жігіттер" квартетінің мүшесі Айдар Тұрғамбектің көпшілікке әкесін көрсеткенін жазған едік.

Желіде тек анасының бейнежазбалармен бөлісіп келген әнші енді жұртшылықты әкесін көрсетуді жөн санасан керек.

"Ата-анаға алғыс. Асқартау әкем, үнемі анамды түсіретін едім, енді әкемді де көрсетейін. Ауылға барып, кішкене болса да қызмет еттік" , - деп жазған еді әнші.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1837958-serik-ibragimov-algas-ret-kesin-krsetip-ony-tugan-knimen-erekse-kttyktady-foto.html