RU

Неймар өзі соққан голын тікұшақ апатынан қаза болған Коби Брайантқа арнады (видео)

"ПСЖ" футбол клубының шабуылшысы Неймар ұшақ апатынан қайтыс болған әйгілі америкалық баскетболшы Коби Брайанттың рухына құрмет көрсетті. Футболшы "Лиль" командасына қарсы ойында соққан екінші голын аңыз спортшыға арнаған деп жазады KAZ.NUR.KZ eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: xsport.ua/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: xsport.ua/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

26 қаңтар күні болған матч кезінде париждік "ПСЖ" командасы "Лилль" клубын 0:2 есебімен жеңді. Ойын кезіндегі екі голды да Неймар соқты.

Алайда, бразилиялық футболшы үшін екінші соғылған доптың орны ерекше болған. Себебі шабуылшы 52 минутта салған голынан кейін видеокамера алдына келіп, саусақтарымен 24 деген санды көрсеткен.

Ол бұл әрекетімен әуе апатынан көз жұмған Коби Брайанттың аруағына құрмет көрсеткен. Марқұм баскетболшы үнемі 24 нөмірмен ойнаған болатын.

Неймар әйгілі спортшының қазасы туралы матч үзілісі кезінде естісе керек.

Еске сала кетейік, осыған дейін баскетбол спортының жұлдызы Коби Брайанттың тікұшақ апатынан қызы Джанна Мариямен бірге қаза болғанын хабарлаған едік.

Кейінерек БАҚ беттерінде тікұшақ апатынан тоғыз адамның қаза болғаны жайлы ақпарат пайда болды.

Коби Брайанттың артында Ванесса есімді жары мен Наталья, Бьянка және Капри атты үш қызы қалды.

Айта кетейік, отандысымыз Геннадий Головкин де мақұмның отбасына көңіл айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1837963-nejmar-zi-sokkan-golyn-tiksak-apatynan-kaza-bolgan-kobi-brajantka-arnady-video.html