RU
Ақтөбеде журналистер мінген автобус аударылып, KAZ.NUR.KZ тілшісі зардап шекті

Ақтөбеде журналистер мінген автобус аударылып, KAZ.NUR.KZ тілшісі зардап шекті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында Самара - Шымкент тасжолында тілшілер мінген микроавтобус аударылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға орынан фото: KAZ.NUR.KZ

Оқиға орынан фото: KAZ.NUR.KZ

Агенттіктің ІІМ-нің ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлауынша, жол көлік оқиғасы 26 қаңтар күні сағат 09:30-да Самара-Шымкент тасжолының 1024 шақырымында, яғни Әйтеке би ауданының Ұлғайсын ауылы маңында болған.

Хромтау аудандық ауруханасының мәліметінше, жол апатынан бір тілші мен көлік жүргізушісі зардап шеккен.

Журналистің жағдайы орташа ауыр. Жабық бас-ми жарақатын алып, кеуде тұсы зақымданған. Ал жүргізушіге санавиация шақырылған.

Белгілі болғандай тілшілер Ырғыз және Шалқар ауданы әкімдерінің есеп беру шарасына қатысу үшін жолға шыққан. Олардың арасында жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері бар.

Айта кетейік, жол апатынан зардап шеккен журналист - KAZ.NUR.KZ-тің Ақтөбе өңіріндегі тілшісі Ардақ Ерубаева.

Журналист қазір ауруханада қажетті ем алуда.

Еске сала кетейік, Самара-Шымкент тас жолында жол апаты жиі болып жатады. Мәселен 2019 жылдың желтоқсан айында қолайсыз ауа райының салдарынан дәл осы тас жолда 11 көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы болған еді.

Ол кезде жол аптынан тоғыз адам зардап шегіп, олардың бесеуі ауруханаға жеткізілген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel