RU

Қазақстандық аруға ессіз ғашық болған кубалық азамат СҚО-ға көшіп келген (фото)

Қазақстандық аруға ғашық болған кубалық Луис Орландо Аренсибия сүйіктісімен үйленіп, еліміздің солтүстігіне қоныс тепкен. Ер адамның сезімі шынайы болғаны сонша, ол азаматтығын ауыстырып тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Луис Орландо Аренсибия. Фото: liter.kz
Луис Орландо Аренсибия. Фото: liter.kz: Facebook

Луис Орландо Аренсибия болашақ жары Халида Шагвалеевамен 1981 жылы Алматыда, ҚазҰУ-да танысқан. Луис оқуын аяқтаған соң отбасылық жағдайына байланысты еліне оралыпты. Алайда шынайы сезімнің арқасында екеуінің қарым-қатынасы тоқтамаған.

Қыз-жігіт болып жүрген кубалық азамат сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған. Бастапқыда Кубада өмір сүреміз деп ойлағанымен, Халида отанын қатты сағыныпты. Луис Орландо келіншегінің көңілін қимағандықтан 1992 жылы Қазақстанға, Солтүстік Қазақстан облысындағы Малютка ауданына көшіп келген.

"Қар мен суыққа үйренісу бәрінен де қиын болды. Мен үнемі тоңып жүрдім. Мектепке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып орналастым. Сол жылдары жалақыны тұрақты төлемейтіндіктен, кәсіпкерлікке бет бұрдым", - дейді Луис.

Ер адамның сөзінше, ол біздің елге бірден үйренісіп кете алмапты. Өйткені, Қазақстан - көп ұлтты, әртүрлі мәдениеттің тоғысқан жері.

"Қазақ халқынан мейірімдірек, төзімдірек, қонақжай халықты табу қиын", - дейді кубалық азамат.

Бүігнле Луис Орландоны Малюткадағы халықтың бәрі танып, құрметтейді. Тіпті, 2018 жылы үлгілі отбасы ретінде "Мерейлі отбасы" байқауында жеңімпаз атанған.

Кубалықтың келіншегі Халида болса аудандық мәслихат депутаты, "Nur Otan" дептутаттық фракциясын басқарады. Луис те қоғамдық жұмыстармен жиі айналысады.

Луис Орландо Аренсибия жары Халидамен. Фото: liter.kz
Луис Орландо Аренсибия жары Халидамен. Фото: liter.kz: Facebook

Екі ел мәдениетін тоғыстырған ғашықтардың бүгінде бір ұлы бар.

Аренсибия отбасының мақтанышы, Артур Эмилио Алматыдағы Ұлттық гвардиядағы қызметі кезінде Бауыржан Момышұлы атындағы медальмен марапатталған.

Луис Қазақстанда тұрғанына 27 жыл болса да, өз отаны Кубамен байланысын үзбеген. Ол жақындарымен, достарымен желі арқылы хат алмасып, испан тіліндегі барлық жаңалықтарды оқиды.

Дегенмен ол тамырын Қазақстанда жайып, ұлы осында өмірге келіп, ер жеткендіктен қазақ жерін екінші отаным деп есептейді. Дәл осы топырақта немерелерім өмірге келсе деп армандайды. Айта кетсек, Луис бірнеше жыл бұрын қазақстан азаматтығын қабылдаған.

Еске сала кетсек, Алматыда тұратын африкалық этнос өкілі Даниель Джеймс ғашығының арқасында қазақ тілін қалай үйреніп кеткенін айтып берген еді.

Ол сүйіктісімен бір тілде сөйлегісі келгендіктен Қазақстанның мемлекеттік тілін барынша белсенді түрде меңгеруге тырысқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1837967-kazakstandyk-aruga-essiz-gasyk-bolgan-kubalyk-azamat-sko-ga-ksip-kelgen.html