RU

"Спорт аңызы": Головкин әуе апатынан қаза тапқан Коби Брайанттың отбасына көңіл айтты

Аты аңызға айналған америкалық баскетболшы Коби Брайант қызымен бірге әуе апатынан қайтыс болды. Осы орайда марқұмның отбасына көңіл айтқандардың қатарында отандасымыз Геннадий Головкин де бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/gggboxing
Фото: Instagram/gggboxing: Instagram

Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Спорт аңызы қайтыс болды. Брайанттың жанұясы мен достарына көңіл айтамын", - деді Головкин.

GGG-дан бөлек баскетболшы туралы әлем жұлдыздары Криштиану Роналду, Cелана Гомес, Лионель Месси, Ариана Гранде, Неймар, Дуэйн Джонсон, Роналдиньо, Кайли Кристин Дженнер, Хави, Иньеста, Кендалл Дженнер желіде арнайы жазба қалдыруда.

Еске сала кетсек, Коби Брайант пен төрт адамның тікұшақ апатынан көз жұмғаны хабарланған еді.

Қаза болғандардың арасында баскетболшының төрт қызының бірі 13 жастағы Джанна Мария да болған.

Жасөспірімнің қаза болғанын Лос-Анджелес мэрі Эрик Гарсетти де растап отыр.

Кейінерек БАҚ беттерінде тікұшақ апатынан тоғыз адамның қаза болғаны жайлы ақпарат пайда болды.

Коби Брайанттың артында Ванесса есімді жары мен Наталья, Бьянка және Капри атты үш қызы қалды. Спортшы 41 жаста болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1837972-sport-ayzy-golovkin-ue-apatynan-kaza-tapkan-kobi-brajantty-otbasyna-kil-ajtty.html