RU
"Грэмми-2020": Қызыл кілемде ерекше образымен есте қалған жұлдыздар кімдер

"Грэмми-2020": Қызыл кілемде ерекше образымен есте қалған жұлдыздар кімдер

Рассказать Вконтакте

Голливудта өтетін әрбір мәдени шара шоу-бизнес өкілдерінің ерекше әрі қайталанбас образдарымен қуантады. Әлемдік жұлдыздар түрлі премияларға тек жеңіске жету үшін ғана емес, бар дене бітімін паш етіп, өзінің қаншалықты сәнді екенін көрсетуге барады. Күні кеше өткен "Грэмми-2020" шарасының қызыл кілемінде де көпті тәнті еткен образдар көп болды деп жазады KAZ.NUR.KZ peopletalk.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/recordingacademy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/recordingacademy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Биыл "Грэммидің" қызыл кілемінде Дуа Липа, Хайди Клум, Алессандра Амбросио секілді жұлдызды арулар жарқырады. Алайда, көпшіліктің назарын бәрібір де Ариана Гранде алып қойды.

26 жастағы әнші Giambattista Valli сән үйінің аса кең көйлегін киіп шыққан.

Назарларыңызға ең сәтті образдар топтамасын ұсынамыз. "Ең әдемі көйлек" тізіміне жоғарыда аталған жұлдыздардан басқа Камило Кабелло,Крисси Тейген, Жаззмия Хорн, Джесси Рейс, Гвен Стефани, Алисса Смит, Лана Дель Рей кірді.

Айта кетейік, бұған дейін "Оскар" жүлдесін табыстауға орайластырылған шараның қызыл кілемінде бой көрсеткен ерекше образды жұлдыздар туралы жазған болатынбыз.

Оған қоса, қызыл кілемде кеудесі ашық көйлекпен көзге түскен актрисалар топтамасын жасаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel