Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жаяу жүргіншілер жолында келіншекті қағып кеткен жүргізуші іздестірілуде

Опубликовано:

Ақтауда полицейлер жаяу жүргіншілер жолында келіншекті қағып кеткен көлік жүргізушісін іздеп жатыр. Ал зардап шеккен әйел түрлі жарақаттармен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Lada.kz
Фото: Lada.kz: Instagram

Жол-көлік оқиғасы 27 қаңтар күні сағат 08:40 шамасында 12 және 13-шағын ықшам ауданы арасында орналасқан полиция департаментінің маңындағы жаяу жүргіншілер жолында болған.

Куәгерлердің сөзінше, көлік жүргізушісі оқиғадан соң жол апаты орнынан жасырынып қалған.

"Қазіргі уақытта Ақтау полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны мен жергілікті полиция басқармасының іздестіру бөлімі жол-көлік оқиғасына себепкер автокөлік жүргізушісін іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Оған қатысты қай бап бойынша іс қозғалатыны ұсталғаннан кейін белгілі болады",- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, 28 жастағы келіншек облыстық ауруханаға жеткізілді.

"Зардап шеккен азаматшада жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, оң жіліншік ортасының үштен бір бөлігінің жабық сынуы тіркелді", - деді Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде журналистер мінген автобус аударылып, KAZ.NUR.KZ тілшісі зардап шекті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837988-aktauda-zaau-zrginsiler-zolynda-kelinsekti-kagyp-ketken-zrgizusi-izdestirilude/

pixel