Выйти
RU

Науқасты өлтіріп ала жаздаған "хирург" өз қателігін ашып көрсетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өздігінен оқыған пластикалық хирург Емельян Брауде ота кезінде клиентін өлтіріп ала жаздады. "Маман" отаны видеоға түсіріп, оны желіге өзі жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Взгляд" басылымына сілтеме жасап.

жаңалық жазып сол

Көрнекі фото: pixabay.com

Ота кезінде бойжеткеннің жағдайы күрт нашарлап, мойны ісінген. Кенеттен ол есін жоғалтып, тұншыға бастады деп хабарлады "РЕН ТВ" арнасы.

Ота кезінде түсірілген видеоны Брауденің өзі желіге жариялап, бар бәле анестетиканың кесірінен болғанын айтты.

Роликті телеарнаның сайтынан көруге болады.

Емельян Брауде бірнеше жыл бұрын Ресейде танылған еді. Білімі жоқ хирург дипломы бар мамандарға семинарлар жүргізіп, өзінің жеке пластикалық техникасын ойлап тапқаны туралы мәлімдеп, оталарды басқарып келген.

Телеарна хирургтің осы күнге дейін ондаған пациентті ұсқынсыз етіп, әлі күнге дейін "дәрігер" ретінде танымал екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, отандық танымал "Аюми" тобының бұрынғы әншісі Айдана Мәлік бет-әлпетін өзгертпек ниетте пластика жасатып, қос жанарынан айырылып қала жаздаған.

Арзан бағадағы операцияға қызыққан арудың процедурадан кейін көзі ісіп, көгеріп кеткен. Өнер иесі қабағын тартқызбақ болған

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Науқасты өлтіріп ала жаздаған "хирург" өз қателігін ашып көрсетті