RU
"Үлкендермен сөйлеседі": Төсекте күйеуінен ләззат алмайтын әйел сырын ашты

"Үлкендермен сөйлеседі": Төсекте күйеуінен ләззат алмайтын әйел сырын ашты

Рассказать Вконтакте

Екі жарым жыл бұрын тұрмысқа шыққан келіншектің бүгінде аяғы ауыр. Алғашында жарын жақсы көрмеген ол қазір қатты қызғаншақ болып кеткен. Жүкті әйелдің ызаға булығуына себеп те жоқ емес деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Шынымен жақсы көріп кеттім, сағынып, жылап жүремін өзімнен-өзім",- деп бастады ол әңгімесін Instagram желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында.

Келіншектің сөзінше, ол жарымен ашық сөйлесе алмайды. Тіпті, төсекте ләззат алып үлгермейді.

"Мен күйеуімді қатты қалаймын, организм шыдай алмай кетеді. Оған ашық айта алмаймын, көбіне демалысын қыдырумен өткізеді. Түнде қосылғанда 5 минуттан артық істемейді, "шаршап кеттім" дейді. "Ол мені қаламайды" деп жынданып, жылап аламын", -дейді нәзік жанды.

Қазір жүкті әйел жарын қатты қызғанып жүр. Себебі, телефонынан өрескел суреттер тауып алған.

"Телефонына көп мән бермейтінмін, көшеге кетіп, бір күні телефоны үйде қалып кетті. Қарағаныма өкініп кеттім, ішім удай ашыды. Неше түрлі қыздардың фотосы, нөмірлері. Көбіне ұятсыз видеолар жіберген. Үлкен әйелдермен сөйлеседі екен. Әңгімелерінен мен ұялып кеттім. Соларға барып, қосылады, білгенін істейді екен.
Маған неге көңіл бөлмейтінін енді түсіндім. Жүрегім быт-шыт болды, тек жылаумен күндерім өтіп жүр. Сұрасам, "жұмысың болмасын" дейді. Ойым жан-жаққа кетіп жүр",- деп күйінді ол.

Айта кетейік, қазақстандық аруға ғашық болған кубалық Луис Орландо Аренсибия сүйіктісімен үйленіп, еліміздің солтүстігіне қоныс тепкен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel