RU

Қазақстанда алдағы күндері 30 градустық аяз болады деп күтіледі

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин ОКҚ-да өткен брифингте алдағы күндері елордада қандай ауа-райы болатынын және тұрғындар қандай жағдайға дайын болуы керек екендігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram
"Тәулік ішінде Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 20-23 м/с-қа дейін жел күшейеді деп күтіп отырмыз, содан кейін температураның төмендеуі орын алады. Сол себепті қала тұрғындарына, әсіресе көлік жүргізушілеріне температура төмендейтінін, түнде ауа температурасы -26 ...- 30 градусқа дейін жетуі мүмкін екенін ескертемін. Желдің соғуы салдарынан ол әлдеқайда суық болады. Бұл 5-6 күнге созылады", - деді Ильин.

"Қазгидрометтің" қысқа мерзімді ауа райы болжау басқармасының жетекшісі Алуа Саханова бірнеше күн бұрын аймақта дауылды ескерту жарияланғанын жеткізді.

Болжам бойынша, 27 қаңтарда аймақта қар жауып, дауыл тұрып, желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін.

Кей жерлерде желдің жылдамдығы 30 м /с барады.

Одан бөлек, республиканың 11 аймағында дауылды ескерту жарияланды. Қазақстанның көптеген аумағында қар жауып, бұрқасын болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1838001-kazakstanda-aldagy-knderi-30-gradustyk-aaz-bolady-dep-ktiledi.html