Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйден қуып шықты": Күйеуі 17 жастағы көңілдесіне кетіп қалған әйел мұңын шақты

Опубликовано:

Үш жылдан астам уақыт күйеуімен тұрып келген әйел балалы болуды ойға алған кезде опасыздыққа тап болғанын сөз етті. Айтуынша, жан жары 18 жасқа да толмаған қызға үйленетінін айтып, келіншекті пәтерінен қуып шығыпты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үйден қуып шықты": Күйеуінің 17 жастағы көңілдесіне кетіп қалғанын айтқан әйел мұңын шақты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы әйел Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында жазды.

"Тұрмыс құрғаныма 3, 5 жыл болды. Күйеуім екеуіміз балалы бола алмай жүрміз. Қаражатымыз жетпей, ешкімнен көмек ала алмақ. Оның үстіне мен оқып жүрдім. Жуырда ғана жүктілік жайлы ойлана бастадым. Күйеуіме биыл оқу бітіріп, асықпай емделетінімді айтқан едім. Анам ем-домға ақша тауып, мен басқа қалаға кеттім. Күйеуіме менімен бірге баруын сұрап едім, ол жұмыстан шыға алмайтынын айтты", - деп ашынды келіншек.
Бір апта емделіп, үйге келгенде жан-жарым ажырасқысы келтінін айтып, төбемнен жай түсті. Мен абдырап қалып, бөлмеге кіріп кеттім. Келесі күні ол хабарласып, ажырасуға арыз тастайтынын айтты. ХҚКО-ға келдім. Көз жасым құрғап, үнсіз тұрдым", - деп жазды кейіпкер.

Айтуынша, ерлі-зайыптылар кездескен кезде ер адам көңілдесін бірге ертіп әкеліпті. Ол бойжеткеннің оған бала сыйлап, жары атанатынын айтыпты.

"Бір кезде оның жанына бір қыз келіп тұрды. Мен: "Бұл кім деп сұраған едім, күйеуім: "Жылап, шу шығарма. Шыққан соң сөйлесеміз" деді. Шыққанан кейін ол қыздың оның болашақ жары екенін, оған бала туып беретінін айтты", - дейді келіншек.

Келіншектің сөзінше, ер адам оны үйден қуып та жіберген. Алайда күйеуімен сөйлесу үшін әйел үйіне қайта келіпті. Десе де, ер азамат айтқанынан қайтпай, онымен бірге тұрмайтынын айту екен.

"Ол менімен сөйлескісі келмейді. Ал мен оны шын сүйем. Не істерімді білмеймін. Әлгі қыздың жасы енді ғана 18-ге толады. Мен тіпті, оның барын да білмеппін", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қызғаныш сезімінің денсаулыққа қандай кері әсерін тигізетінін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838006-jden-kuyp-sykty-kjeui-17-zastagy-kildesine-ketip-kalgan-jel-myn-sakty/

pixel