RU

Қытай мемкеңесінің премьері коронавирус таралған Ухань аймағына барды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің тапсырмасымен мемлекеттік кеңес премьері коронавирустың жаңа түрінің таралу ошағы Ухань қаласына тексеріспен келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ли Кэцян. Фото: Wang Zhao-Pool/Getty Images

Ли Кэцян. Фото: Wang Zhao-Pool/Getty Images

Риа Новости басылымының мәліметінше, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің тапсырмасы бойынша Мемкеңестің премьер-министрі, коронавирус инфекциясының жаңа түрімен күрес жөніндегі жұмыс тобының басшысы індетпен күрес жөніндегі жұмыстарды тексеру мен бақылау үшін Уханьға келген.

Одан бөлек, дүйсенбіден бастап аспан асты елінің ресми жаңа жылдық демалыстарды 2 ақпанға дейін ұзарту туралы өкімі күшіне енеді.

Тиісті нұсқаулар ҚХР-дың барлық провинциясына таратылмақ.

Айта кетейік, Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 80 адамға жетті.

Жалпы, дүйсенбіге қараған түні Аспан асты елінде "өлім вирусын" жұқтырған 2 794 жағдай тіркелген.

Бұған дейін Қытайдың патогендік микроорганизмдерді сақтау ұлттық ұйымы коронавирустың электронды микроскоп көмегімен жасалған алғашқы суретін жариялады.

Қазақстанда қауіпті инфекция оқиғалары болған жоқ.

Кеше, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекаралардың жабылғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытай мемкеңесінің премьері коронавирус таралған Ухань аймағына барды
Mailfire view pixel