RU
Қазақстандықтар көп демалатын Хайнань аралында коронавирустан бір адам көз жұмды

Қазақстандықтар көп демалатын Хайнань аралында коронавирустан бір адам көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Хайнань провинциясы денсаулық сақтау жөніндегі комитеті коронавирустың аралдағы алғашқы құрбаны жайлы хабарлады. Вирустан пайда болған пневмониядан Ухань қаласынан курортқа келген 80 жастағы әйел көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Риа Новости-ге сілтеме жасап.

Фото: inbusiness.kz

Фото: inbusiness.kz

27 қаңтар сағат 7:00-дегі мәлімет бойынша, Хайнань провинциясында коронавируспен ауырып жатқандар саны - 31. Төрт адам ауыр халде.

Өлімге әкелетін дертке шалдыққандар әйгілі туристік Санья (10 жағдай) және Хайкоу (6) , сондай-ақ, Ваньнин (7) қаласында тіркелген.

Қытай билігі 2019 жылдың 31 желтоқсанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдің орталық бөлігінде орналасқан Ухань қаласында белгісіз пневмонияның туындағаны жайлы хабарлаған еді.

Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл 2019-nCoV коронавирусы.

Қытайдан бөлек, аталған дертке шалдыққандар Гонконгта, Макаода, Тайвань мен Тайландта, Жапония мен Оңтүстік Кореяда, сондай-ақ, АҚШ пен Канадада, Въетнам, Сингапур, Непалда және Франция, Австралия, Малайзияда тіркелді.

Ал Қытайда вирус жұқтырғандардың саны 2744-ке жетті. Соңғы мәліметтер бойынша, олардың 80-і қайтыс болды.

Еске сала кетейік, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекара жабылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel