RU

Коронавирус қайдан шыққан: Сарапшылар зерттеу жүргізді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сарапшылар вирустың таяқшаларын коронавирустың эпицентрі саналатын Ухань қаласындағы теңіз өнімдерін сататын сауда базарларының бірінен тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

China Daily басылымының мәліметінше, теңіз өнімдері базарындағы дүңгіршектер мен қоқыс тасушыларды зерттеу үшін сарапшылар алған отыздан астам үлгі "өлтіруші-вирус" бойынша оң нәтиже берген.

Сауда орнының батыс бөлігінде көбірек үлгілер алынғаны да хабарланды. Олардың жабайы жануарларды сатумен айналысқандары белгілі болды.

Ғалымдар олардың вирустың көзі екенін растады, алайда жабайы фауна өкілдерінің қайсысының жұқтырғаны әлі белгісіз.

Еске сала кетейік, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекаралардың жабылғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, аталмыш вирустан Қытайда 80 адамның көз жұмғаны хабарланды.

Одан бөлек, Қытайдағы қазақстандық студенттер биліктен өздерін елге әкетуді сұрап жатқаны айтылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус қайдан шыққан: Сарапшылар зерттеу жүргізді
Mailfire view pixel