RU

Коби Брайанттың киімін жарысқа киіп шыққан танымал теннисші жылап жіберді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал австралиялық теннисші Ник Кирьос тікұшақ апатынан қаза тапқан әйгілі баскетбол жұлдызы Коби Брайанттың аруағына құрмет көрсетіп, теннис кортына күллі әлемге белгілі спортшының киімін киіп шықты. Аты аңызға айналған баскетболшының өліміне қайғырып жүрген теннис шебері көз жасына ерік беріп, елдің көзінше жылап жіберді деп жазады KAZ.NUR.KZ eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ник Кирьос танымал испаниялық теннисші Рафаэль Надальға қарсы кездесуге күні кеше қөз жұмған спорт жұлдызы Коби Брайанттың киімін арнайы киіп шыққан.

Ол сегіз нөмірі мен баскетболшының тегі жазылған америкалық "Lakers" командасының формасын киіп алған.

Айта кету керек, Коби баскетболдағы мансабын аталмыш командаға арнады. Алайда, ол 24 нөмірмен өнер көрсетті. Теннисшінің сегіз санын таңдауда өзіндік себебі бар болуы керек.

Кирьос теннис кортына шыға бергенде көпшілік оның марқұм спортшыға құрмет көрсетуіне тәнті болып, оған шапалақ ұрған. Өз кезегінде, австралиялық жігіт өзін-өзі ұстай алмай, көпшілік алдында жылап жіберді.

Еске сала кетейік, осыған дейін баскетбол спортының жұлдызы Коби Брайанттың тікұшақ апатында қызы Джанна Мариямен бірге қаза болғанын хабарлаған едік.

Кейінерек БАҚ беттерінде тікұшақ апатынан тоғыз адамның қаза болғаны жайлы ақпарат пайда болды.

Коби Брайанттың артында Ванесса есімді жары мен Наталья, Бьянка және Капри атты үш қызы қалды.

Футболшы Неймар "ПСЖ" командасының "Лилль" клубына қарсы ойында 52 минутта қарсыс қақпасына діл тиіп, голын марқұм Брайантқа арнаған. Ол баскетболшының реттік нөмірін көрсеткен. Бразиялиялық аяқдопшы аңыз спортшының қазасы жөнінде матч үзілісі кезінде естісе керек.

Айта кетейік, отандысымыз Геннадий Головкин де мақұмның отбасына көңіл айтқан болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коби Брайанттың киімін жарысқа киіп шыққан танымал теннисші жылап жіберді (видео)
Mailfire view pixel