RU

СІМ Уханьдағы қазақстандықтардың неліктен елге қайтарылмайтынын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров биліктің Ухань қаласынан отандастарымызды неліктен шығара алмайтынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Смадияров өзінің Facebook парақшасында белгілі қазақстандық басылымның бас директорымен кей елдер өз азаматтарын эвакуациялай бастады деген БАҚ беттерінде тарап жатқан расталмаған ақпарат жайында сөйлескен.

Маманның сөзінше, Қытай билігі Ухань қаласын карантинге жауып тастағандықтан, ешбір ел өз азаматын аймақтан шығара алмайды.

Оның айтуынша, карантин енгізілгенге дейін Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері Ухань аумағындағы Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жинап, әртүрлі сценарийге дайындалған.

Айбек Смадияровтың сөзінше, қазақстандық дипломаттар отандастарымызды Уханьнан шығарудың мүмкін жолдарын қарастырып, қытайлық тарапқа тиісті өтінімдер жіберген. Басқа елдердің дипломаттары да дәл осылай жасаған.

СІМ өкілінің ақпарынша, Ухань қаласы жабық және ол жақтан ешкімді шығармайды. Қытай билігі ешкімге өз азаматтарын алып кетуге рұқсат бермеген.

Смадияров БАҚ бетінде тараған "эвакуация" туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Еске сала кетсек, бұған дейін қауіпті дерттің ошағы болған Ухань қаласында 87 қазақстандық студенттің бары хабарланды. Олар Қазақстан билігінен өздерін елге әкетуді сұраған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СІМ Уханьдағы қазақстандықтардың неліктен елге қайтарылмайтынын айтты
Mailfire view pixel