RU

Ургант пен Сюткин қазақстандық миллионердің туған күніне келді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал ресейлік шоумен әрі тележүргізуші Иван Ургант Forbes Kazakhstan тізіміне енген қазақстандық медиаменеджер Арманжан БАйтасовтың 50 жасын жүргіздідеп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Скриншот: instagram.com/armanzhan

Скриншот: instagram.com/armanzhan

10 қаңтарда еліміздің ең беделді кәсіпкерлерінің бірі Арманжан Байтасов мерейтойын атап өтті. "Қазақстан Медиа Альянсының" басшысы 50 жасқа толған.

Туған күн өткен демалыста, 26 қаңтарда The Ritz Carlton Almaty қонақ үйінде тойланған. Айтулы іс-шараға еліміздің бизнес элитасы мен танымалдары жиналған.

Кештің музыкалық қонағы ретінде ресейлік әнші әрі музыкант Валерий Сюткин келген.

Одан бөлек, қонақтар арасында композитор Еркеш Шакеев, Олжас Сүлейменовтың қызы Мадина Сүлейменова, бизнес ханымы әрі ең әдемі ана Виктория Момынбаева, сондай-ақ бірнеше танымалдар да бар.

Ал кештің тізгінін Дәуіт Шайхисламов, Нұрлан Қоянбаев және ресейлік шоумен Иван Ургант ұстаған.

Мерекеге келген қонақтар салтанатты кештің фото-видеоларымен Instagram парақшаларында бөліскен.

"Кеше менің туған күнімде жүргізуші болған достарыма алғыс айтқым келеді. Бұл тамаша, көңілді, интеллектуалды, жайлы, жылы кеш болды", - деп жазған Арманжан Байтасов.

Айта кетсек, бұған дейін қазақстандық әнші M'Dee 25 желтоқсанда Ресейдің "Бірінші арнасындағы" "Вечерний Ургант" бағдарламасында ән шырқағаны хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ургант пен Сюткин қазақстандық миллионердің туған күніне келді (фото)
Mailfire view pixel