Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстанда 83 жолаушы мінген ұшақ апатқа ұшырады

Опубликовано:

самолет
Көрнекі фото: airliners.net: Facebook

Ariana Afghan Airlines әуе компаниясының ұшағы Ауғанстанның шығыс бөлігінде орналасқан Газни провинциясында апатқа ұшырады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында 1TV телеарнасына сілтеме жасаған "Риа Новости" хабарлады.

Алдын ала ақпарат бойынша, бортта 83 адам болған деп мәлімдеді Ariana News.

Газни губернаторының өкілі Ариф Нури төтенше жағдайдың Дех Як ауданында болғанын атап өтті.

Tolo News материалына сәйкес, аталған мекен "Талибан" бақылауында. Қазір оқиға орнына "арнайы күштер" аттанды.

Еске сала кетейік, 8 қаңтар күні таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Иранның әуе қорғаныс күштері 11 қаңтар күні Украинаның Boeing 737 ұшағын қателесіп атып түсіргенін мәлімдеді.

Иран қарулы күштері Бас штабының мәліметінше, аталған жағдайға "адамның қателігі" себеп болған. Әуе кемесі маңызды әскери нысанның қасынан ұшып, оны байқаусызда жаудың ұшағы деп қабылдаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1838039-auganstanda-zolausylar-sagy-apatka-syrady/

pixel