Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті коронавирус: "Қорғас" 15 ақпанға дейін жабылды

Опубликовано:

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы коронавирустың алдын алу мақсатында 15 ақпанға дейін жабылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ural-eurasia.ru
Фото: ural-eurasia.ru: Getty Images
"Алматы облысында ҚХР-мен алты шекаралық бекет бар. Бүгін аймақ басшысының тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов барлық шекаралық пункттерді тексерді. Сонымен қатар, әкім орынбасары премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен отырыс хаттамаларының тармақтарына ерекше назар аударды",- делінген ведомство хабарламасында

Бүгінде мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауы күшейтілді. Стационарлық тепловизорлармен жабдықталған медициналық қызметкерлер жіберіліп, обаға қарсы костюмдер және изоляторлар дайындалды.

Айта кетейік, Хайнань провинциясы денсаулық сақтау жөніндегі комитеті коронавирустың аралдағы алғашқы құрбаны жайлы хабарлады. Вирустан пайда болған пневмониядан Ухань қаласынан курортқа келген 80 жастағы әйел көз жұмды.

Ал Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров биліктің Ухань қаласынан отандастарымызды неліктен шығара алмайтынын айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838050-kauipti-koronavirus-korgas-15-akpanga-dejin-zabyldy/

pixel