Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар-Қызылорда тас жолында анасы мен баласы көз жұмды

Опубликовано:

Бүгін, 27 қаңтар күні Павлодар-Қызылорда тас жолында Toyota Land Cruiser көлігі аударылып, қайғылы жағдай болды. Жантүршігерлік апат салдарынан анасы мен баласы қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ааааа
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook
«27 қаңтар күні таңғы 9:00 шамасында «Павлодар-Қызылорда» тасжолының 88-ші шақырымында шығысқа қарай жүріп бара жатқан «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөліктің 47 жастағы жүргізушісі рөлді игере алмай, көлік аударылды», - деп хабарлады Ішкі Істер министрлігі.

Апат салдарынан көліктегі екі жолаушы - 1975 жылы туған әйел мен 2011 жылғы бала сол мезетте жан тапсырған.

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.

«Оқиғаның себептері анықталып жатыр», - деп атап өтті ведомство.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Самара-Шымкент тас жолында ақтөбелік және басқа да журналистер мінген автобус аударылып, салдарынан KAZ.NUR.KZ тілшісі зардап шеккені туралы хабарлаған едік.

Кеуде қуысынан соққы алып, миы шайқалған Ардақ Ерубаева қазіргі таңда Хромтау аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Сонымен қатар, журналист апатқа қалай түскенін баяндап берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1838076-pavlodar-kyzylorda-tas-zolynda-anasy-men-balasy-kz-zmdy/

pixel