Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да бензин бағасы 200 теңгеден асып кетті

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысында бензин қымбаттады. Қазір өңірдің Жәнібек ауданында АИ-95 маркалы бензиннің литрі 210 теңгеден, ал 92-ші бензин 165 теңгеден сатылып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Аймақтағы энергетика басқармасының дерегінше, бұл шалғай аудандар үшін қалыпты жағдай көрінеді.

Өйткені кәсіпкерлер жеткізу шығынын ақтау үшін бағаны осылай өсіретін көрінеді.

Қымбатшылық қалада да байқалды.

Мәселен АИ-92 бензині 7 теңгеге қымбаттаған. Мамандар мұны қазақстандық өндіріске акциз бағасының көтерілгендігімен байланыстырады. Осылайша бензин бағасы 3-7 теңге аралығында өскен.

Дегенмен жауапты мекеме өкілдері "қолда бар жанармай қоры жеткілікті, бензин мен дизельдік отын тапшы емес" екенін айтады.

"Бұл өзгерістер тек біздің өңірімізде емес, бүкіл республика бойынша. Бүгінгі күні Орал қаласындағы ең арзан баға 140 теңгеден басталады. Ең қымбат жанармай АИ-92 148 теңгеге дейін барады. Сол біртіндеп көтерілуі байқалуда. Сатып алу бағасына байланысты өндірушіден сатып алып, алып келгенде бүкіл кеткен шығындарын қосып, осы шекті бағаны қояды өздері", - дейді БҚО энергетика басқармасы басшысының орынбасары Бейімбет Мусин.

Ал көлік иелері жанармайдың қымбаттағаны қарапайым халық үшін ауыр тиеді деп отыр.

"Қысқы уақытта шығын көп кетеді. Біз жүргенде күніне 20 литр құямыз. Ол қанша мыңға шығады. Соның өзінде күнде-күнде санағанда, бірталай ақша шығайын деп тұр. Біз енді соған шамалап жүрміз 140-142 деп. Ол ертең қымбаттаса, біраз ауыр тиейін деп тұр. Өйткені қазір бәрі қымбаттап жатыр. Жалақы бұрынғы құнымен тұр көптен бері", - дейді көлік жүргізушісі Манарбек Көшалиев.

Е. Карин

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің жанармай бекеттерінде бензин бағасы қымбаттағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838092-bko-da-benzin-bagasy-200-tegeden-asyp-ketti/

pixel