RU

Еліміздің сыртқы қарызы 5,1 миллиард АҚШ долларына азайған

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото Ақорда мұрағатынан
Фото Ақорда мұрағатынан: Depositphotos

Кездесу барысында Қазақстанның тұңғыш президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылға арналған даму қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды.

Ахметжан Есімов Қор компаниялары тобының таза кірісі 1,2 трлн теңгені құрап, бұл жоспарланған көрсеткіштен 38 пайызға артық екенін хабарлады.

Сонымен қатар қарыз жүктемесі 2017 жылдан бері 1 трлн теңгеге, ал сыртқы қарыз 5,1 млрд АҚШ долларына азайғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ, кездесу барысында қор компанияларының қаржылық жағдайын одан әрі жақсарту, портфельді компаниялардың IPO-ға шығуы және жекешелендіру жоспарын іске асыру жөніндегі шараларға ерекше назар аударылған.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елбасы президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев кездескенін хабарлаған едік.

Кездесу барысында Исекешев елдегі қазіргі жағдай туралы баяндап, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары туралы ақпарат ұсынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1838097-elimizdi-syrtky-karyzy-51-milliard-aks-dollaryna-azajgan.html