Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдағы коронавирус: ДДСҰ ресми түрде дабыл деңгейін көтерді

Опубликовано:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында (ДДСҰ) Қытайда тараған коронавирусқа қатысты қауіптілік деңгейі өзгертілді. Ұйым хабарлауынша, қазір вирус жұқтыру ықтималдығы бірнеше күн бұрынғы көрсеткішке қарағанда әлдеқайда жоғары деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен мамандардың өткен аптадағы коронавирус жұқтыру қаупінің шектеулі сипаты туралы мәлімдемесі қазір аздап өзгеріске ұшырады. НТВ телеарнасы сайтының мәліметіне сәйкес, бүгінде вирус жұқтыру қаупі ғаламдық деңгейде "жоғары" болып отыр.

Осыған дейін ұйым өкілдері Қытайдағы қауіптілік деңгейін "өте жоғары", өңір мен жақын облыстарда жай "жоғары", ал әлемдік деңгейде "қалыпты" деп бағалаған еді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл түзетулер олардың тұжырымдамасындағы қателіктерді жоюға арналған деп түсіндірді.

Айта кетейік, Қытайдың патогендік микроорганизмдерді сақтау ұлттық ұйымы коронавирустың жаңа түріне қатысты ақпарат пен оның электронды микроскоп көмегімен жасалған алғашқы суретін жариялады.

Еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар- жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

"Вирус тарауының ауа тамшылығымен қатар, алиментарлы жолы болуы мүмкін. Бір апта бұрын біз вирустың адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін растамадық, бірақ соңғы мәлімдемеге байланысты адамнан адамға жұғатыны анықталды. Бірақ, жұғу деңгейі өте төмен және адам қабылдайтын вирустың концентрациясына байланысты",- деді Бекшин.

Ал 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Кезекті жиында Жандарбек Бекшин үкіметтің Уханьдағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мүмкіндігін пысықтап жатқанын мәлімдеді. Бүгінде аталған қалада қауіпті вирустан 80 адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1838116-kytajdagy-koronavirus-dds-resmi-trde-dabyl-degejin-kterdi/

pixel