RU
Жалғас Жұмағұлов ТМД бойынша үздік ММА спортшыларының ондығына кірді

Жалғас Жұмағұлов ТМД бойынша үздік ММА спортшыларының ондығына кірді

Рассказать Вконтакте

Отандық аралас жекпе-жек жұлдызы Жалғас Жұмағұлов ТМД елдері бойынша 2019 жылдың үздік ММА спортшыларының ондығына кірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТурСтат порталына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/zhumagulov_zhalgas. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/zhumagulov_zhalgas. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Спорт пен туризмге арналған басылым Ресей мен ТМД елдері бойынша ММА үздік спортшыларының рейтингісін құрған. Аталмыш тізімге соңғы жылда өзін мықты қырынан көрсеткен аралас жекпе-жек шеберлері кірді. Онда барлық салмақ дәрежесіндегі ММА жұлдыздары бой көрсетті.

ТурСтат мәліметінше, бүгінде ММА Ресей мен ТМД елдерінде миллионға жуық аудиториясы бар аса кең танымал спорт түріне айналуда. Аралас жекпе-жекке қызығушылық білдірушілердің қатары күн санап артуда.

Ресей мен ТМД елдері бойынша 2019 жылдың үздік ММА шеберлері қатарына ресейлік Хабиб Нурмагомедов, Федор Емельяненко, Петр Ян, Алберт Туменов, Забит Магомедшарипов , Магомед Исмаилов, өзбекстандық Махмуд Мурадов, беларусиялық Андрей Арловский, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов, әзірбайжандық Тофик Мусаев пен тәжікстандық Лойк Раджабов кірді.

Ресей мен ТМД бойынша үздік ММА спортшысы атанған Хабиб Нурмагомедовке 33%,Федор Емельяненко үшін 14%, Петр Янға - 12%, Альберт Туменов пен Забит Магомедшариповке 7%, Магомед Исмаилов пен Махмуд Мурадов үшін 5% дауыс берілген. Оған қоса, Андрея Орловский, Жалғас Жумағұлов, Тофик Мусаев пен Лойк Раджабов 3% пайыз дауыс жинаған. .

Аталмыш рейтинг интернет-сауалнама бойынша аралас жекпе-жек сүйер қауымның пікіріне сүйене құралды.

Айта кетейік, бұған дейін Жалғас Жұмағұлов әйгілі ММА шебері Әли Багаутиновты жеңіп, Сочиде өз мықтылығын дәлелдеген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel