Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хубэй провинциясында қауіпті вирустан көз жұмғандар саны 100-ге жетті

Опубликовано:

Қытайдың Хубэй провинциясында жаңа қауіпті вирустан көз жұмғандар саны 100- ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қытай. Фото: Betsy Joles/Getty Images
Қытай. Фото: Betsy Joles/Getty Images: Depositphotos

Бүгінде провинцияда 2 714 адам вирус жұқтырған. Ал қайтыс болғандар саны 100-ге жеткен деп жазады РИА Новости.

Айта кету керек, Қытайдағы жағдай бойынша жалпы деректер әлі мәлім болған жоқ. Алайда, басылым жарияланған статистикаға сәйкес, жаңа вирус 106 адамның өмірін алып кеткенін хабарлады.

Сонымен қатар, провинция билігі жаңа вирустың ошағы Ухань қаласында 85 адам қайтыс болғанын мәлімдеген екен.

Айта кетейік, Қытайдың патогендік микроорганизмдерді сақтау ұлттық ұйымы коронавирустың жаңа түріне қатысты ақпарат пен оның электронды микроскоп көмегімен жасалған алғашқы суретін жариялады.

Еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ брифингінде коронавирустың тарауына байланысты әлемде қалыптасқан жағдай жайлы баяндады.

Ол вирустың көзі жануарлар- жарғанаттар, сүтқоректілер, оның ішінде қояндар, құстар, сондай-ақ, Ухань базарындағы аю табаны, аю және борсық майы екенін айтты.

Ал 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекараның жабылғанын мәлімдеді.

Кезекті жиында Жандарбек Бекшин үкіметтің Уханьдағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау мүмкіндігін пысықтап жатқанын мәлімдеді. Бүгінде аталған қалада қауіпті вирустан 80 адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838128-hubej-provinciasynda-kauipti-virustan-kz-zmgandar-sany-100-ge-zetti/

pixel